Түркістандық полицейлер карантин талаптарын бұзудың 300-ден астам жайтын анықтады
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің елімізде қатаң карантин шараларын енгізу туралы қаулысы жарияланғаннан бері, қызылордалық полицейлер қарқынды қызмет етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлерінен мобильдік топтар құрылып, рейдтік ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде азық-түлік дүкендері, асханалар мен дәмханалар, шаштараздар мен автожуу орындары, спорт кешендері, ойын-сауық орталықтары және қоғамдық көлік жүргізушілері, жолаушылар, жалпы адамдар көп шоғырланатын жерлер тексерілуде.
Осындай кезекті тексеріс кезінде Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері карантин талаптарын сақтамаған бірқатар нысан иелерін анықтады. Тәртіп сақшылары 25 күн ішінде Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында карантин талаптарын бұзудың 312 жайтын тіркеді.
Мәселен, облыс орталығындағы дүкендердің бірінің сатушысы медициналық бетпердесіз және қолғапсыз қызмет көрсеткен. Сондай-ақ құрылыс заттар дүкені мен тағы бір азық-түлік дүкенінің иелерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағандығы белгілі болды. Одан соң келесі күнгі рейд барысында мейрамхана иесінің мерей той жасағандығы анықталды. Аталған жайттар бойынша Түркістан қалалық басқармасының полицейлері тиісті іс-құжаттарды жинақтап, СЭС-ке жолдады.
Түркістан қалалық полиция қызметкерлері тұрғындарға әлі де қатаң түрде ескертеді: карантин талаптарын ұстаныңыздар. Бетперде тағып жүріңіздер. Маңызды жұмыстарыңыз болмаса үйден шықпаңыздар. Балаларыңыздың денсаулығына, сақтанып жүруіне мән беріңіздер. Карантиннің ұзартылуы ол әр адамның саулығы үшін!