Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер заңсыз айналымнан 500 дозадан астам есірткі тәркіледі

Ақтөбе облысының полицейлері заңсыз айналымнан 500 дозадан астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе қаласындағы саяжайда жас жігіттің басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тоқтатты.

Жеке тінту кезінде автокөлікте болған жолаушыдан полицейлер ұнтақ зат салынған 3 орама тәркіледі. Бұдан әрі қызметтік-іздестіру итінің қатысуымен тінту барысында көлік ішінен ұнтақ зат салынған тағы 124 түйіншек тәркіленді.

Жүргізушінің тұрғылықты жерін тінту барысында да ұнтақ зат салынған 9 түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 100 грамнан асатын мефедрон есірткі заты болып шықты. Бұл шамамен 3 млн теңгеге бағаланатын 550-ден астам бір реттік доза.

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру