Ақтөбеде полиция ауыл тұрғынының жоғалған 15 бас жылқысын тапты
Ақтөбеде полиция ауыл тұрғынының жоғалған 15 бас жылқысын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ырғыз ауданының тұрғыны Бекбол Орынбаев жергілікті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жылқы іздеуге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Оның айтуынша, ақпан айының соңында жайылымнан 15 бас жылқы жоғалып кеткен.
Бір ай бойы ол өз бетінше іздестіру жұмыстарын жүргізген, бірақ нәтиже болмады.
Полиция бөлімінің қызметкерлері үш іздеу тобын құрды, нәтижесінде олар Ырғыз ауданынан 70 км қашықтықта Шалқар ауданының Қайнар ауылының маңында жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті тұрғындарға сіздің шаруашылықтарыңыздағы малдың сақталуына бақылауды күшейту керектігін ескертеді. Бұдан басқа, қолда бар барлық мал басын ауылдық әкімшіліктерде есепке қою, әрбір басын таңбалау қажет. «Ветеринарлық басқарма» ММ мәліметтері бойынша мал басының 87% ғана сәйкестендірілген.