Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері 10 жылдан астам уақыт іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

ШҚО-да үш айда 40-тан астам қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылдың қарсаңында күдікті үш серіктесімен бірге облыс орталығындағы сауда үйлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасады. Қаскөйлер дүкеннен 3,5 млн. теңгесі бар сейфті ұрлап кеткен. Аталған қылмысқа қатысқан қаскөйлердің барлығы ұсталып, сотталған, алайда күдіктілердің бірі осы уақыт ішінде бостандықта жүрген. 10 жыл өткеніне қарамастан, ағымдағы жылы ШҚО криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру жұмысын күйшейтіп, нәтижесінде ол анықталып, ұсталды.

– Күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әріптестердің көмегімен сәуір айының басында Алматы қаласында ұсталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта 44 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Алдағы уақытта ол Өскемен қаласына этапталатын болады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жедел уәкілдер 46 қылмыскерді анықтап, ұстағанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру