Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты іс жүргізу аяқталды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы «Тиімді Депозит» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында тұр. Осы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерді қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін 2021 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде Ақтөбе қаласы, ағ.Жұмбановтар көшесі, 271 «а» үй, 416 кабинет мекенжайы бойынша келулеріңізді немесе 936-416 телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы ақпанға дейінгі уақыт кезеңінде күдіктілер Ақтөбе, Атырау, Алматы және Ақтау қалаларының аумағында «Тиімді Депозит» ЖШС қаржы пирамидасын ашып, онда сыйақы төлеу түрінде жоғарыда аталған қалалардың тұрғындарының ақшаларын иемденген, сонымен қатар бөліп төлеу арқылы автокөлік пен жылжымайтын мүлікті қабылдаған.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігі 1,2-тармақтарында көзделген қылмысты жасаған – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы ақша мен өзге де мүлікті тартудан табыс (мүліктік пайда) алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ қылмыстық топ ақша мен өзге де мүлікті аса ірі мөлшерде тарта отырып жасаған қаржылық (инвестициялық) пирамидаға басшылық ету.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1,2-бөліктерінде көзделген қылмыс-ұйымдасқан топ құру, қатысу және оған басшылық ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру