Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер науқас балаға көмек көрсетті

Қызылордалық полицейлер науқас балаға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында “Қайырымды істер марафоны” шарасына байланысты көпбалалы, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп жүрген азаматтар аз емес.

“Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің” деген ниетпен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері Əйтеке би кентінің тұрғыны кəмелетке толмаған баланың еміне дəрі-дəрмек алу үшін анасына қаржылай көмек көрсетті.

Жақсылық іс, қайырымдылық, жанашырлық сияқты жаныңа қуаныш сыйлайтын әдемі сөздерді жеткізіп, балаға қуаныш сыйлаған әріптестерімізге қызметтеріне сәттілік, абырой тілейміз.

– Полиция қызметкерлері бүгінде баланың өмірге жəне өзіне сенімін арттыру, елімізде отбасы құндылықтарды насихаттау, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға əлеуметтік-рухани көмек көрсету, балаларды əлеуметтік қолдау, игі істер мен жылы ілтипат білдіріп, балалардың жүрегіне жылу ұялатып армандарының бірін орындап бақытты балалықтың қуанышына бөленсін деген мақсатта қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда, – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру