Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ШҚО-да 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі

Полицейлер Шығыс Қазақстан облысында бес тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкпекті аудандық полиция бөліміне Зайсан көлінің жағасында Тассай ауылының тұрғындары заңсыз балық аулаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Тассай ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан Зайсан көлінің жағасында орналасқан “Қарақас” учаскесінде 34 жастағы ер адамның ұсталғаны анықталды, тексеру барысында “ВАЗ” автокөлігінен балық аулау құралдары және 150 келіден астам заңсыз ауланған балық (шортан, көксерке, табан) тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

– Сонымен қатар, жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мемлекеттік органдармен және қызметтермен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтады, онда бес тоннадан астам балық тәркіленді, – ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Бүгінгі таңда заңсыз балық аулағаны үшін жеті факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 230-дан астам балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы шығын сомасы 14 млн. теңгеден асты.

Естеріңізге сала кетейік, браконьерлерден тәркіленген балық арнайы балық қабылдау пунктіне тапсырылады, ал алынған табыс мемлекет қазынасына аударылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру