Ақтөбеде «Қауіпсіз жол» шарасы жалғасып жатыр
Ақтөбе облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында көкіл қозғалысының тәртібін күшейту және жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралын басқаруын азайту және жол-қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 19 маусым – 10 шілде аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Жоспарланған іс-шараның барысында облыс автожолында Жол қозғалыс ережесі бойынша төрт мыңнан астам құқық бұзушылық белгілі болды. Оның ішінде 66 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғандығы анықталды.
Көлік құралын басқаруда жылдамдықты шамадан тыс асырудың 702 фактісі, қарсы бағытқа шығып құқық бұзудың – 53 фактісі белгілі болды.
Адамдардың жаяу жүргінші жолынан өтуіне жол бермегендігі үшін 190 жүргізуші әкімшілік тәртіпте жазаланды. Сондай-ақ, жаяу жүргінші жолында Жол қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 662 әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғандығы бойынша 257 факті анықталды.