Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ шоттан рұқсатсыз ақша иемденген

Ақтөбе қаласының № 1 қалалық полиция бөлімімен алаяқтық фактісі аясында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, 41 жастағы арызданушыға белгісіз адамнан қоңырау келіп түскен. Ол банк қызметкері болып танысып, белгісіз біреулердің оның картасынан ақша жымқырмақ болғанын айтқан. Алаяқ рұқсатсыз шоттан ақшаны алмас үшін оларды дереу
қауіпсіз шотқа аудару керек қажеттігін айтып, картаның құпия сөзін білгеннен кейін шоттан 600 мың теңге көлемінде ақшаны иемденген. Аталған факті бойынша күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындардан банк мекемелерінің қызметкерлері болып танысатын адамдарға және мәселені ақшаны “қауіпсіз шотқа” аудару арқылы шешуді ұсынатын бейтаныс жандарға сенбеуді сұрайды. Банкке картаның сыртқы жағында көрсетілген
телефон арқылы жеке қоңырау шалыңыз немесе қаржы мекемесінің бөлімшесіне барып жолығыңыз. Өз қаражатыңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда екенін есте сақтаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру