Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері жалғызбасты анаға азық-түлікпен көмек берді
Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері жалғызбасты анаға азық-түлікпен көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Шалқар аудандық пробация қызметінің ықпалымен, пробация есебінде тұрған сотталған жастардан құралған “Қыран” еріктілер тобы Шалқар қаласындағы жалғызбасты қарт анаға бірінші кезекте тұтынылатын азық-түлікпен көмек берді.
– Мұндай ізгі іс-шараларға пробация есебінде тұрған азаматтарды қатыстыру – оларды қоғамға бейімдеуге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Бұл ретте есепте тұрғандар да Пробация қызметі тарапынан ұйымдастырылып келетін түрлі іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің түзелу жолында екендіктерін дәлелдеуде, – дейді Шалқар аудандық пробация қызметінің бастығы Ақгүл Аймбетова.