Ақтөбелік полицейлер қонақ үйге жарылғыш затты тастаған адамды анықтауда
Ақтөбеде «Ibis» қонақ үйінен жарылғыш құрал табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 наурызда Ақтөбе қ.ПБ ЖБО-ның 102 телефонына Сеитов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Ibis» қонақ үйінің қауіпсіздік қызметінің бастығынан «Ibis» қонақ үйінің дәретхана бөлмесіндегі шұңғылшадан жарылғыш зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына барлық жедел қызметтер жіберілді.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері «Ibis» қонақ үйінен 97 адамды эвакуациялады (қонақ үйі қызметкерлерінің 10 адамы, қонақ үй ғимаратында орналасқан банк қызметкерлерінің жеті адамы, сондай-ақ қонақ үйдің 80 қонағы).
Арнайы бөлімше саперлері қонақүйдің әкімшілік ғимаратына тексеру жүргізді. Қонақ үйді тексеру барысында, бірінші қабатта орналасқан дәретхана бөлмесіндегі шұңғылшадан жарылғыш құрылғыға ұқсас металл зат табылды, металл корпуста «Муляж» гравировкасы бар.
Осы жарылғыш құрылғының муляжын тастап кеткен адамдарды анықтауға бағытталған арнайы және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.