Ақтөбеде қонаққа келген әйел тігін машинасын ұрлап кеткен
Ақтөбеде қонаққа келген әйел тігін машинасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қаңтар күні полицияға 83 жастағы зейнеткер тігін машинасының жоғалғаны туралы арызданды. Жәбірленуші үйіне келген қонақтың тігін машинасын ұрлап кеткенін айтты. Зейнеткерге келтірілген шығын 25 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін 45 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған тігін машинасы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Ұрлық фактісі ҚР ҚК 188-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.