Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері спорттық додадан жүлделі орын иеленді

СҚО полицейлері спорттық додадан жүлделі орын иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД жедел кеңесінде облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев жауынгерлік және практикалық атыстан өткен “Қара майор” төртінші республикалық турнирінде бірінші орын иеленген қызметкерлерге кубок пен грамоталарды табыстады. Қазақстанда аталған спорт түрі жаңа ғана пайда болған. Осы уақытқа дейін күш құрылымдарының қолданбалы спорт түрі болып келген және сайыстарға тек соңғы бірнеше жыл бойы кәсіби спортшылар қатысуда. Практикалық атыс дегеніміз қозғалатын, шайқалатын, кенеттен пайда болатын нысаналарға автоматтан және тапаншадан ату, атқан кезде порттан (жасырынатын жер) портқа жүгіру қажет. Полицейлер мен әскери қызметшілер үшін бұл кәсіби даярлықтың бір бөлігі. Погондағы спортшылар мен кәсіпқой спортшылар бір күнде сайысқан жоқ. Күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында бірінші жалпыкомандалық орынды СҚО Полиция департаменті иеленді. Жеке сынақта солтүстікқазақстандық полиция майоры Махамбет Мұрсәлімов топ жарды.

– Қарсыластарымызбен ұпай айырмашылығы шамалы болды, – дейді ол. – Шешуші фактор, яғни уақытқа бөлінген ұпай сомасы 2394,86, екінші орынды иеленген Қарағанды қаласынан келген әріптестеріміздің ұпай саны – 2350,57. Қарағандылықтардан кейін Алматы қ. Ұлттық ұланның жауынгерлері болды, олардың нәтижесі – 2331,39 ұпай. Осындай тартысты сайыста биіктен көріну – көңілге қуаныш сыйлады. Аты аңызға айналған Борис Керімбаевтің құрметіне арналған сайысқа қатысудың өзі үлкен мәртебе. Жаулары оны “Панджшера королі” деп атаған, оның басына бір миллион доллар тіккен. Қара майордың өмірі мен қызметі талай қазақстандық жауынгерге рух беріп, шабыттандырып келеді, бірінші орынға ие болып, турнирге қатысқанымызды мақтан тұтамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру