Ақтөбеде қылмыстық іздеуде жүрген жеті көлік анықталды
Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін «Мираж – Ураган» аппараттық –бағдарламалық кешенінің көмегімен ЕАЭО елдерінен әкелінген 126 белгіленбеген көлік құралы анықталды. Автоматты тіркеу жүйелерімен анықталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 270 ұйғарым берілді. 16 жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қылмыстық іздеуде жүрген жеті көлік анықталды.
Мысалы, жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған, ресейлік Datsun маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды, оған жалпы сомасы 600 мың теңгеден астам 21 ұйғарым берілді. Жүргізушіге арналған қолданыстағы нұсқамадан басқа, көлік құралдарын пайдалану ережелерін және ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының МКД-мен бірлескен жұмыстың арқасында бір миллион теңгеден астам мемлекеттік қарызы бар үш жүргізуші анықталып, ұсталды.