Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Өзбекстаннан құрылысшыларды жалдап беремін”: алаяқ шымкенттікті 9 млн теңгеге алдап кетті

Алаяқ Өзбекстаннан құрылысшыларды жалдап беремін деп шымкенттікті 9 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында танысы Өзбекстан Республикасынан құрылыс жұмыстарын жасайтын адамдарды жалдап беремін деп сеніміне кіріп, 9 млн. теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру