Ақтөбеде қызметтік иттің көмегімен ұрлық дерегі ашылды
Ақтөбеде қызметтік иттің көмегімен ұрлық дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 20 қыркүйекте белгісіз біреу Әкімжанов көшесіндегі үйдің терезесін сындырып, алтын бұйымдарды ұрлаған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді, нәтижесінде 24 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, жалпы шығын 800 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 453 пәтер ұрлығы тіркелген, оның 238-і ашылған.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті сенімді есіктер, құлыптар мен дабыл жүйелерін орнату арқылы сақтық шараларын қабылдауды ұсынады. Әрқашан, тіпті қысқа уақытқа үйден шыққанда, есіктерді құлыптаңыз. Есіңізде болсын, пәтер ұрылары үйге кіру үшін әртүрлі әдістерді қолданады.