Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда қалалық Пробация үйінде сотталғандармен кездесу өтті

Қызылорда қалалық Пробация үйінде сотталғандармен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Пробация үйінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен кездесу өтті. Кездесуге облыстық прокуратурасының басқарма қызметкерлері, қалалық прокуратура қызметкерлері, пробация қызметкерлері және пробация есебіндегі 20 сотталған қатысты.

Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар, қайта қылмысқа бармау жөнінде профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді орындауға, тұрғылықты мекенжайын ескертусіз ауыстырмауға және түнгі мезгілде тұрғылықты мекенжайынан шықпауды ескертті.

Қалалық пробация қызметінің бастығы Б.Наурызбаевтың айтуынша, қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам сотталған есепте тұр. Оның ішінде 15 сотталған сот жүктеген міндеттерді орындамай, бірнеше рет қаскөйлікпен жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру