Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандарға арт-терапия сабағы өткізілді

Ақтөбеде тергеу изоляторындағы жазасын өтеушілерге арт-терапия сабағы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінің психолог мамандарымен «Өмір – бұл шығармашылық» тақырыбында ұйымдастырылған арт-терапия сабағына мекеменің шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар және «Сотталғандарға арналған психологиялық клуб» мүшелері қатысты.

– Арт-терапия сабағының мақсаты – мекеменің шаруашылық жасағындағы сотталғандар арасында сенімді қарым-қатынас орнату, ішкі сезімдерін түсінуге көмек көрсету және әр қатысушының өз-өзін ашуына жағдай туғызу. Іс-шараға арнайы шақыртылған Қазақ-Орыс халықаралық университетінің аға оқытушысы психология магистрі А.Ж. Жұбатқанова қатысты, – дейді №70 мекемесінің инспектор-психологы Әсем Қонақбаева.

Аталмыш сабақта сотталғандарға арт-терапия туралы жалпы мағлұматтар беріліп, практикалық жаттығулар жүргізілді. Әрбір қатысушы топ алдында өздерінің жеке сезімдерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Сабақ қорытындысы бойынша кері байланыс жасалып, сұрақтарына жауап алған жазасын өтеушілер алғыстарын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру