Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде есірткі қойып кетуші қолға түсті

Өскеменде есірткі қойып кетуші қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері синтетикалық есірткі заттарын қойып кету арқылы заңсыз сатумен айналысқан жігітті “ізін суытпай” ұстаған. Оқиға Өскемен қаласының Ахмеров кентінде болған.

Осы жылдың қазан айында Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қойып кетушіні ұстаған. Күдікті – облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны. Ол синтетиканы қойып кету арқылы таратқан.

Жеке тінту барысында ұсталған адамнан 346 полимерлі орама табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 500 грамнан асатын “Альфа-PVP” психотроптық заты екені анықталды. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру