Ақтөбеде студент 19 жастағы тұрғынды тонап кетті
Ақтөбеде студент 19 жастағы тұрғынды тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қаңтарда полицияға 19 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, Черепанов пен Мөңке би көшелерінің қиылысында белгісіз адам оның Xiaomi POCO X3 Pro смартфонын тартып алып кеткен. Шығын сомасы 287 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаладағы колледждердің бірінің 1-курс студентін ұстады. Күдікті кінәсін толығымен мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазасын көздейді.