Ақтөбеде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 25 фактісі анықталды
Ақтөбеде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 25 фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарда жүретін техниканы пайдалана отырып, заңсыз аң аулау фактілерін анықтау, жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында ағымдағы жылғы 28-31 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Қарда жүргіш" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік және Криминалдық полиция басқармасы бөлімшелерінің қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің бірінші күні мобильдік топ мүшелері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 25 фактісін анықтады, оның ішінде:
- жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін - 18;
- балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу - бір;
- азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу - алты.