Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі сотталғандар қарттарға көмек көрсетті

Пробация есебіндегі сотталғандар қарттарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық пробация қызметі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінен жасақталған еріктілер тобын тарта отырып, аудан орталығындағы қарттардың шаңырағына барып, екі күн толассыз жауған қардан аулаларын тазартуға жәрдем берді.

– Біз жұмыстан қорықпаймыз, аға ұрпаққа қамқорлықты одан әрі жалғастырамыз және жастарды біздің үлгі ісімізге еруге шақырамыз, – дейді еріктілер.

Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз “қарттары бар елдің қазынасы бар” деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

– Волонтерлік қызмет шын мәнінде мұқтаж адамдар үшін баға жетпес еңбек болып есептеледі. Өкінішке орай, қараушысы тастап кеткен жалғыз басты қарт адамдар біздің ауданымызда да кездеседі. Сол себептен барлық бей-жай қарамайтын адамдардан қарт адамдарды қолдауларыңызды сұраймыз – дейді пробация қызметі бөлімінің бастығы Талғат Жұмабеков.

Қарттарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, болашағымыз жастардың қолында екенін айтып, еріктілерге ақ батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру