Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 71 сотталған рақымшылыққа ілікті

Түркістан облысында 71 сотталған рақымшылыққа ілікті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 14 мыңнан астам сотталған рақымшылыққа ілікті.

Бұл – ел тарихындағы тоғызыншы рақымшылық. Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Абай аудандық пробация есебінде тұрған 71 сотталғанға қатысты “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңы қолданып, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының қаулысымен 36 сотталған азамат жазадан босатылып, 31 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді. Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары сот қарауында.

– Әрине, еліміз үшін елеулі кезеңде рақым­шылық жасау – игі іс. Оның үстіне биылғы заң­­да алғаш рет əлеуметтік тө­мен топқа ерекше назар аударыл­ды. Рақымшылық аясында жаза­дан босаған адамдардың қа­лыпты өмірге қайта оралуына жағ­дай жасалды. Атап айтқанда, бостандыққа шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, əлеу­меттік жəне басқа да көмек көр­сету мə­селелері құжатта жан-жақты қа­растырылған. Ра­қым­­шылыққа ілігетін соттал­ған­дарды іріктеуде бұрынғымен са­лы­стырғанда өз­герістер де бол­ды. Себебі 30 жыл ішінде қол­даныстағы заңнамаға сәй­­кес рақымшылыққа жататын сот­талғандардың санаты да әр­түрлі, – деді Шымкент қалалық Абай ауданы бойынша ПҚ бөлімінің инспекторы А.Аблабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру