Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есептегі сотталғандар тарихи мұражайға барды

Түркістан облысында есептегі сотталғандар тарихи мұражайға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдiбек аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторыны мен аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотты болған 12 азамат Шаян ауылында орналасқан көркем сәулет Аппақ ишам тарихи-мәдени мұражайға барды.

Ондағы басты мақсат – тарихи мәдени орындарды нәсихаттау және рухани азық алу, жастарды тарихи-мәдени орындармен таныстыру. Мұражай қызметкерлерi сотты болғандарға Аппақ ишан сәулет кешенiнiң ерекшiлiгi мен көне жәдiгерлердiң тарихы жайында тың деректермен бөлісті.

Мұражай – кешегi тарихты бүгiнгi күнмен байланыстырады, оны кейнгi ұрпаққа ұлықтайды. Сондай-ақ, кейiнгi ұрпаққа тарихты баяндайтын және ұтымды өткiзуге әрi таным көкжиегiн кеңейтуге мүмкiндiк беретiн орталық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру