Ақтөбеде тағы бір мас жүргізуші ұсталды
Ақтөбеде тағы бір мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 ақпанда сағат 03.11-де патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін Вавилов көшесінде 32 жастағы жүргізушінің басқаруындағы BMW-318 көлігін тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын мас күйінде жүргізгені, көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына жеткізілді.