Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Ақтөбеде «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

27-29 маусым аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Мақсаты – балалар еңбегі мен құқықтарын пайдалану фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерлерде болуын анықтау.

Іс-шара барысында алкогольді ішімдіктер ішетін, түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға итермелейтін адамдарды анықтау бойынша рейдтер өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру