Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көлік ұрысын “ізін суытпай” ұстады

Ақмола полицейлері көлік ұрысын “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусымда сағат 15.07-де Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 28 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам өзіне тиесілі Toyota Land Cruiser 100 автокөлігінің айдап әкетілгені туралы хабарлады. Шығын сомасы 6 млн 500 мың теңгені құрады.

Автокөлік иесінің сөздері бойынша, қылмыс жанармай құю станциясында жасалған. Алдын ала тергеу барысында зардап шегуші мен күдікті бұған дейін таныс болғандары анықталды.

Ақмола облысы ПД “Тұлпар-11” патрульдік полиция экипажының қызметкерлері Бейбіт Жанат пен Абай Балташев айдап әкетілген автокөлік жайлы хабарлама мен бағдар алғаннан кейін дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті.

Көкшетау–Омбы автожолының 5 шақырымында автокөлік анықталып, полицейлермен ұсталды. Ұрланған көліктің рөлінде 34 жастағы қала тұрғыны отырғаны анықталды. Қаскөйдің мойындау айғақтары бойынша автокөлікті ол зардап шегушіден қарыз үшін төлем ретінде “тәркілеген”.
Полиция басқармасы аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру