Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында өзгенің көлігін ұрлаған мас жүргізуші ұсталды

Қызылорда облысында өзгенің көлігін ұрлаған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

25 маусым күні түнгісағат 23:23 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаменті Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің 102 арнасына аудан тұрғыны қоңырау шалып, үйінің алдында тұрған ВАЗ-2107 автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлаған.

Қаскүнемді ұстау мақсатында Жаңақорған аудандық полиция бөлімі “Тосқауыл” жоспарын жариялады. Полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті аудан көшелерінің бірінен тапты.

Анықталғандай, көлікті айдап кеткен күдікті басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жиегінде аударылып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Оқиға орнында 43 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, тексеру барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру