Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдер полицияға жеткізілді

Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3 полиция бөліміне 15 жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 20-23 мамыр аралығында облыс аумағында «Балалар түнгі қалада» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде жедел алдын алу іс-шарасының бір күнінде №3 полиция бөліміне 15 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Оның ішінде 13-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болған.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін екі ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқаны үшін – екі, кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемесіне 22:00 сағаттан кейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз жібергені үшін бір жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.

Полиция бөлімінің есебіне төрт жасөспірім және үш жағдайы төмен отбасы қойылды.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру