Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық ұры үй иелерін ұйықтап жатқанда тонап кетті

Теміртаулық ұры үй иелерін ұйықтап жатқанда тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр күні Теміртау қалалық ПБ-на қарасты Ескіқалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 58 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші азамат белгісіз біреу үйіне ұрлыққа түсіп, пәтерінен ноутбук және екі ұялы телефон ұрлап кеткені туралы арызданған. Оған келтірілген шығын көлемі 195 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері ұрлық түнгі уақытта үй иелері мен екі баласының үйде ұйықтап жатқанда болғаны анықталды. Күдікті ұрлыққа бірінші қабатта орналасқан пәтердің ашық тұрған терезесінен кіргені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

20 мамыр күні полицияға 23 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, белгісіз біреудің бірінші қабатта орналасқан пәтеріне кіріп, құны 275 мыңға бағаланған ұялы телефонымен қол сағатын ұрлап кеткені туралы айтқан. Анықталғандай, жәбірленуші түнде жатар алдында үйінің терезесін ашып қойған. Екі арызды зерделеген тәртіп сақшылары бұл қылмыстарды бір адамның жасауы мүмкін деген мәмілеге келген.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Одан алты айғақ зат тәркіленді. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру