Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолда қабылдау” акциясы: маңғыстаулық полицейлер 400-ден астам тұрғынның сұрағына жауап берді

Екі күндік “Жолда қабылдау” акциясында Маңғыстау облысы бойынша полицейлерге кеңес алу үшін төрт жүзден астам тұрғын жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында 21 және 22 мамырда “Жолда қабылдау” кең ауқымды республикалық акциясы өткізілді. Оның мақсаты – халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, оларға консультативтік және құқықтық қолдау көрсету.

“Жолда қабылдау” акциясы облыстың барлық өңірлерінде Полиция басқарма және бөлімдерінің фронт-офистерінде өткізілді.

Мысалы, Ақтауда – Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО ғимаратында және қалалық полиция басқармасының фронт-офисінде.

Мамандандырылған ХҚКО-дағы “Жолда қабылдау” акциясына облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов қатысты.

Акция барысында mangistaupd парақшасынан, сондай-ақ қалалық басқарма мен аудандық полиция бөлімдерінің аккаунттарынан тікелей эфирлер ұйымдастырылды, ол бойынша кез келген азамат онлайн-режимде өзін қызықтыратын сұрақтар бойынша толық жауап ала алды.

Айта кету керек, екі күндік “Жолда қабылдау” акциясында облыс бойынша полицейлерге кеңес алу үшін төрт жүзден астам тұрғын жүгінген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру