Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бөгде адамдардың атынан несие алған әйел ұсталды

Қарағандыда бөгде адамдардың атынан несие алған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 мамыр күні Қарағанды қалалық ПБ-на қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне шағын несие беру ұйымының өкілі арызбен шағымданған. Анықталғандай, белгісіз біреу 30 жастағы қала тұрғынының деректерін пайдаланып, 95 мың теңге несие рәсімдеген. Бұл процесстердің барлығы интернет желісі арқылы жасалғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

20 мамыр күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жасар әйел ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Алдын ала тергеу барысында полиция қызмектерлерімен күдікті осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру