Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тұрғын 500 мың теңгедей ақшасын алаяққа беріп қойды

Ақтөбеде тұрғын жарты миллион теңгедей ақшасын алаяққа беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 шілде күні №3 қалалық полиция бөліміне Ақтөбе қаласының 43 жастағы тұрғыны өтініш білдірді.  Әйел ағымдағы жылдың 9 шілдесінде банк бөлімшелерінің бірінде тұрып, оған қызын қаланың ірі кәсіпорнына жұмысқа орналастыру туралы ұсыныспен таныс емес ер адам келгенiн айтты. Зардап шегуші күдіктіге 480 мың теңге сомасында ақша берген.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жалпы шығын 480 мың теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру