Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында көппәтерлі үйлердің терезесінен 3 бала құлап түсті

Қостанай облысында балалардың терезеден құлап кету фактілері жиелеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Құрмет Мажикеновтің айтуы бойынша, соңғы үш күн ішінде көппәтерлі үйлердің терезесінен үш бала құлап түсті. Кішкентай зардап шегушілер 2, 3 және 5 жаста. Барлығы ауыр жағдайда ауруханаларда жатыр.

Соңғы оқиға кеше ғана болды.  Үш жасар бала әкесінің назарынсыз бірнеше минутқа қалды, бірақ соның өзі қорқынышты салдардың әкелуіне жеткілікті болды. Қазіргі уақытта бала ауыр жағдаймен реанимацияда жатыр.

Құлап кету себептері бұрынғыдай: ашық терезелі бөлмеде балаларды қараусыз қалдыру, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы құрылғылардың болмауы, үйдегі жиһаздың (үстелдердің, орындықтардың, дивандардың) терезенің жанында орналасуы.

– Қауіпсіздік елесін тудыратын москит торлары үлкен қауіп төндіреді.  Екі жасар баланың өзі терезеден сондай торды қағып жібере алады, – деді Құрмет Мажикенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру