Ақтөбеде тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды
Тұрғындардың ақшасын алдап иемденіп, оларды алдап кеткен алаяқтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың шілде айында 33 жастағы қала тұрғыны алаяқтық жолмен жүргізуші куәлігін жасау сылтауымен Құршысай ауылының 48 жастағы тұрғынынан 18 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген.
Полиция қызметкерлері алаяқты ұстап, күдіктінің бұрын осындай алаяқтықпен айналысқанын анықтады.
Екінші жағдай, осы айда 37 жастағы қала тұрғыны жылыту сорғысын сатып алып беру сылтауымен 43 жастағы азаматшаға тиесілі 25 мың теңге сомасындағы ақшаны алдау жолымен иемденген. Күдікті ұсталды, мойындау айғақтары бар.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Облыстың ПД ақтөбеліктерді қырағы болуға, алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында қызмет немесе тауар алғанға дейін өз ақшалары мен бағалы заттарын бейтаныс адамдарға бермеу керектігін ескертеді.