Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент: кері байланыстың нәтижесі

Шымкенттік тұрғындар полициямен кері байланыс орнатып, үйдің алдында қайыр сұрап отырған адамға медициналық көмек көрсетілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы 10 қараша күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі “Instagram” парақшасына Шымкент қаласы Гагарин көшесі 137 үйдің алдында қайыршылық жасап жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті.

Өз кезегінде Абай АПБ ЖПҚБ #3 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары жедел әрекет жасап, қайыршыны Уақытша бейімдеу орталығына жеткізді. Алайда аталған азаматқа медициналық көмек көрсету қажеттілігі туындауына байланысты оны медицина қызметкерлері Шымкент қаласы №2 ауруханасына алып кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру