Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеде қайыр сұраған мас адам детоксикация орталығына жеткізілді

Шымкентте көшеде қайыр сұраған мас адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы 10 қараша күні сағат 19:14-те Шымкент қаласы Полиция департаментінің “Жедел әрекет ету” чатына Республика даңғылы бойындағы “Электрон” аялдамасының алдында бір азамат мас күйінде қайыршылық жасап отқаны бойынша ақпарат келіп түсті.

Өз кезегінде Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ #19 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары және Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел әрекет жасап, аталған азаматты Уақытша бейімдеу және детоксикация  орталығына жеткізді.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес азамат орта дәрежелі масаң күйде екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру