Ақтөбеде велосипед ұрлаған азамат анықталды
Ақтөбеде велосипед ұрлаған 39 жастағы азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазір велосипедтерді көлік ретінде пайдалану үшін емес, сату немесе бөлшектеп сату мақсатында ұрлайды. Полицияға велосипед ұрлығы туралы арыздар азаматтардан жиі түсіп отыр. Сондықтан тәртіп сақшылары велосипедті қауіпсіз жерде сақтау қажеттігін тағы да ескертеді.
Мысалы, 13 тамызда Ақтөбе қаласының 39 жастағы тұрғыны Әйтеке би көшесінде орналасқан дүкеннің жанында қалдырылған велосипедті ұрлап кеткен. Велосипед арнайы кабельмен бекітілмегендіктен, қаскүнемге оны ұрлау қиынға соқпаған. 56 жастағы жәбірленуші дүкенге кіріп, 5 минуттан кейін қайтып оралғанда велосипедтің жоқ екенін біліп, полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ұстады, ол өз кінәсін толық мойындады.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.