Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жыл басынан бері 500-ден астам жүргізуші мас күйде көлік тізгіндеген

Қызылордада жыл басынан бері 500-ден астам жүргізуші мас күйде көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада жыл басынан бері мас күйде рөлге отырған 500-ден астам жүргізуші ұсталып, тиісті жауапкершілікке  тартылды. 

Заң бұзушыларға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) хаттама толтырылып, мас күйде автокөлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген.

Көлік басқару құқығы жоқ көлік жүргізушісі автокөлікке қайтадан масаң күйде отырғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабына (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сәйкес жаза қарастырылған.    

Жүргізушіге көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруға тыйым салынатынын әрбір азамат білуі тиіс және осы талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету керек. Әрбір көлік тізгіндеген жүргізуші өзінің ғана емес, басқа да жол жүрісіне қатысушы адамдардың өміріне жауапты екенін ұғынып, көлік басқаруда жол жүрісі ережелерін қатаң сақтап, жүргізуші мәдениетін қалыптастыруы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру