Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды

Ақтөбеде заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 сәуір күні тәртіп сақшылары «Уылдырық» республикалық акциясы барысында заңсыз балық аулаған Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. 40 жастағы ер адам Ырғыз ауылынан бірнеше  шақырымдағы Торғай өзенінен балық аулаған.

Полиция қызметкерлері күдіктіден балық аулайтын тор мен 49 балықты тәркілеп алды.

Бүгінгі таңда ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 6-тармағы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру