Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде «Жасөспірім» шарасы аясында 37 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды

Ақтөбеде «Жасөспірім» шарасы аясында 37 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сату фактілерінің жолын кесу мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылғы 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша жасөспірімдермен және қолайсыз отбасылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады. «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің жеті күн ішінде түнгі уақытта заңды өкілсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 351 жасөспірім анықталды, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 37 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 57 кәмелетке толмаған және 58 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

Сонымен қатар, шара барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардан 11 тескіш-кескіш затты тәркіледі.

– Құрметті ата-аналар, Сіздерді балаларыңызды, олардың бос уақытын, қарым-қатынас ортасын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етуге шақырамын. Есіңізде болсын, Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігі ең алдымен Сізге байланысты!- деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру