Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер “нөлдік төзбеушілік” аясында 72 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Алматыда полицейлер жыл басынан бері “нөлдік төзбеушілік” аясында 72 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы қоғамда “тәртіпсіздікке нөлдік төзбеушілікті” қалыптастыруға ерекше назар аударады. Жыл басынан бері осы санатта 71 989 құқық бұзушылық анықталды:

– иттерді ұстау ережелерін бұзу ҚР ӘҚбК-нің 408-бабы бойынша – 2 702;
– ұсақ бұзақылық жасау ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша – 401;
– жалпыға ортақ пайдалану орындарының ластануы ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы 2-бөлімі – 4 802;
– тыныштықты бұзу ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша – 3 702;
– көшелерде алкогольдік ішімдіктерді ішу ҚР ӘҚбК-нің 440-бабы бойынша – 9 458;
– қоғамдық орындарда темекі шегу ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы – 3 472;
– кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуы ҚР ӘҚбК-нің 442-бабы бойынша – 4 319;
– абаттандыру ережелерін бұзу ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы – 21 224;
– ұялы телефондарды қолдану ҚР ӘҚбК-нің 591-бабы – 3 147;
– қауіпсіздік белбеуін қолданбау ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы – 6 486;
– қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы 3-бөлімі бойынша – 313;
– жаяу жүргіншілерге жол бермеу ҚР ӘҚбК-нің 600-бабы – 2 636;
– көлік құралын мас күйінде басқару ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы – 1 281;
– жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы ҚР ӘҚбК-нің 615-бабы – 8 046.

– Жалпы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда және бақылауда. 2021 жылдың сегіз айында Алматы қаласының аумағында қоғамдық орындарда қылмыстың 3,6 есе және көшеде 4,5 есе төмендеуі тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру