Ақтөбеде жігітті тонап кеткен ер адам ұсталды
Ақтөбеде ер адам жігітті ұрып-соғып, 10 мың теңгесін тартып алған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
(Тонау | 2:25 - 3:35)
Полицейлер бірден шабуылдаушыны іздеуге кірісті. Олар осы қылмысқа күдікті жергілікті тұрғынды ұстады.
- 31 жастағы бұрын сотталған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Орын алған қылмыс бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, - деді учаскелік полиция инспекторы Айбат Қоянбай.
Бұл іс бойынша "Тонау" бабымен тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.