Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бейнекамералардың көмегімен 121 қылмыс ашылды

Павлодар облысында бейнекамералардың көмегімен 121 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі – бейнебақылау және құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйелерін кеңейту. Бұл қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың санын азайтуға, сондай-ақ жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Облыс орталығында бейнебақылау Жедел басқару орталығының 117 камерасымен жүзеге асырылады.

Екібастұз, Ақсу қалалары мен облыс аудандарында кезекші бөлімдерге 274 бейнекамера шығарылды.

– Олардың көмегімен ағымдағы жылдың 9 айында 121 қылмыс ашылып, 15 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. «Кілем жабыны» бағдарламасы шеңберінде «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы «SmartCitу Pavlodar» бағдарламалық-аппараттық кешенінің 5500 камерасын қамтитын бейнебақылау жүйесін енгізуді жүргізуде. Камералар білім беру және медициналық мекемелерде, қиылыстарда, желілік учаскелерде, саябақтарда, скверлерде, саяжай алқаптарында және басқа да қоғамдық орындарда орнатылады, олардың бейнесі ЖБО – ға шығарылатын болады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу құралдарымен 39 мың бұзушылық анықталды, айыппұл сомасы 384 миллион теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін автопатрульдерде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге, сондай-ақ қолда бар ақпараттық базалар бойынша автомашиналар мен жүргізушілерді тексеруге мүмкіндік беретін 2 борттық «Кибер-Шериф» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылатын болады.

– Соңында сіздерге павлодарлық полицейлер ашықтық және халықпен тікелей диалог қағидаттарына негізделе отырып, облыстағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын хабардаймыз. Біз полиция жұмысын жақсартуға қатысты ұсыныстар мен тілектерге ашықпыз, – деп атап өтті Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру