Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында түзеу мекемелері кітапханаларының қоры толықты

Жамбыл облысында түзеу мекемелері кітапханаларының қоры толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі кітапхана сөрелерін орыс әдебиетінің көрнекі өкілдерінің кітаптары толықтырды. Олардың қатарында сирек таралыммен шыққан құнды кітаптар бар. Енді жазасын өтеушілер Г.Семенихиннің “Космонавты живут на земле”, В.Г.Денисовтың “Космонавт летает на земле”, С.Андриановтың “Летный характер”, А.Шевченконың “Под звездами” және басқа да еңбектерді түзеу мекемелеріндегі кітапхананың оқу залынан оқуға мүмкіндігі бар.

Департамент бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов құнды еңбектерді сыйға тартқан “Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы” басқарма бастығы Нұрлыхан Темірбековке алғыс айтты.

– Құнды кітаптар тарту еткен “Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына” шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта бұл кітаптар өңіріміздегі түзеу мекемелерінің кітапханаларына таратылатын болады. Сотталған азаматтардың түзу жолға түсуінің бір бағыты ретінде олардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Осы тұрғыда мекемеде жазалы жандарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Жазасын өтеушілер ішкі күн тәртібіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады, – деді Қ.Жарылғапов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру