Ақтөбеде ЖКО салдарынан зейнеткер қаза тапты
Ақтөбеде ЖКО салдарынан зейнеткер қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
26 қазанда Hyundai Elantra автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Б. Момышұлы даңғылымен «Геолог» мәдениет үйіне қарама-қарсы жолда жүріп келе жатып, жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен 68 жастағы жаяу жүргіншіні соғып кеткен.
ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға, жол ережелерін сақтауға және жаяу жүргіншілер өткелдерінің қасында жылдамдықты төмендетуге шақырады.