Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері самбодан чемпионатта қола жүлдегер атанды

Павлодар облысының полицейлері самбодан чемпионатта қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласында самбо күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті.

Чемпионатқа республиканың 19 облысынан келген спортшылар қатысты. Жеңіс үшін кілемде Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күресіп жүлделі орындарға ие болды.
Облыс ПД жедел әрекет ету жасағының қызметкері Қасиет Бейсекин өз қарсыластарын шебер жеңіп, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде облыс ПД ТВБ аға инспекторы Еркебұлан Егінбаев қола жүлдеге ие болды.

– Бұл жарыстар оңайға соққан жоқ, барлық спорттық дағдыларымызды қолдануымыз қажет болды. Бірақ үздіксіз спортпен шұғылдану сізге өзіңізді шымыр әрі ширақ ұстауға мүмкіндік береді, ал жарыстарға қатысу жаттығуларды бәсеңдетпеудің тағы бір себебі, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру