Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицей жастар сыйлығының лауреаты атанды

Екі оқушыны судан алып шыққан павлодарлық полицей “Ерігі үшін” жастар сыйлығының лауреаты атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір тұрғындарынан “Тәуелсіздік ұрпақтары” атты дарынды жастарға арналған сыйлыққа жүзден астам өтінім түсті. Кандидаттардың құжаттарын әртүрлі салалардан 30 адамнан тұратын тәуелсіз сараптама комиссиясы қарады. Нәтижесінде жүзден астам өтінімнің 20-сы қатысуға жіберілді. Олардың құжаттары конкурс талаптарына сәйкес келді. Ереже бойынша аталмыш сыйлықты алуға 14 пен 28 жас аралығындағы облыс тұрғындары үміткер ретінде қатыса алатын еді.

“Ерлігі үшін” номинациясына Ертіс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімінің кезекші көмекшісі Азамат Саянов қатысты.

Оның әрекеті комиссия тарапынан бағаланып, полиция қызметкері суға батып бара жатқан екі оқушыны құтқарғаны үшін ұсынылды.

– “Ерлігі үшін” сыйлығы – мен үшін үлкен марапат. Менің орнымда әрбір полиция қызметкері осылай жасайтынын білемін. Бірақ сол сәтте менің бір мақсатым  балаларды құтқару болды. Бүгінгі күн менің есімде өмір бойы қалады, – деп өз әсерімен бөлісті Азамат.

Естеріңізге сала кетейік, оқушыларды құтқару туралы полиция басшылығы балалардың ата-аналарының бейнеөтінішінен ғана білген болатын. Полиция қызметкері Азамат Саянов көмек сұрап айқайлаған дауысты естігенде ол паромнан туыстарын қарсы алып тұрған, өзі осы уақытта еңбек демалысында болатын. Ойланбастан полиция қызметкері дауыс шыққан жаққа қарай жүгіріп барып, балаларды көрді. Олардың біреуі тұншығып, ал екінші бала судың ішіне кетіп бара жатты.

– Мен балалар тірі болса екен деп тіледім. Мен бүлдіршіндерді құтқарғанымды ерлік жасадым деп санамаймын. Бұл – менің қызметтік парызым, азаматтарға көмек көрсетуді әр кезде де міндетім деп санаймын. Бұл жер өзеннің өте терең және ағысы өте жылдам жері болатын. Маған ұлдарға жүзіп жетіп, оларды жағаға қарай алып жүру қиын болған жоқ, өйткені мен бала кезімнен жүзумен айналысамын. Бала кезімнен анам мені жақсы істерге жігерлендіретін, маған көмектесіп, бойымдағы жауаптылыққа, батыл және мейірімді болу үшін ең жақсы қасиеттерге анам баули білді. Менің ойымша, Отанымыздың әрбір адал азаматы осылай жасауы керек, – дейді Азамат Саянов.

Балалардың ата-аналары полицейге алғыс айтып, оған зор денсаулық тіледі.

Полиция аға сержанты Азамат Саянов ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді, спортты жақсы көреді, күреспен айналысады, футбол ойнайды, жүзумен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру