Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Павлодар облысының полициясы мен мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаменті сервистік полицияны енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Оның қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының алдын алу және оларға көмек көрсету саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Жұмыс кездесуіне жергілікті атқарушы органдар, “Павлодар облысының жалпы үлгідегі мүгедектер мен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” КММ директоры Марина Стрелковская, “Павлодар қалалық балалары бар әйелдерді бейімдеуді әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы” директоры Ильясова Айнаш, қоғамдық қорлар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, олардың арасында “Үміт үзбеу, “Аналар үйі”, “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы”, “Павлодар облысы бойынша Қазақстан әйелдер күштерінің Альянсы”, “SENIMEN BOLASHAQ” ЖШС, ҚБ қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі күш-жігердің барынша шоғырлануын және тиісті бірлескен шараларды қабылдауды талап ететінін атап өтті. Басты міндет – өзара іс-қимыл мәселесін пысықтау және зорлық-зомбылық құрбанына нақты көмек көрсету. Мұндай шаралардың тиімділігіне Меморандум шеңберінде ғана емес, біздің бірлескен жұмысымыз бен тығыз ынтымақтастығымыз кезінде қол жеткізілетін болады.

Айта кету керек, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамаға түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізді, оған сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 73, 73-1 және 73-2-баптары бойынша әкімшілік іс жүргізу тек өтініш бойынша ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық куәгерлерінің хабарламалары негізінде де жүргізілетін болады. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары арыз жазудан жиі бас тартады. Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 789-бабының 2-тармағына тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстарын құқық бұзушыларды 48 сағатқа қамауға алуға болатын заңсыз әрекеттердің қатарына қосу үшін түзетулер ұсынылды. Қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді.

Меморандумға он екі қоғамдық қор және үкіметтік емес ұйымдар қол қойды. Кездесу барысында тараптар алдын алу және жан-жақты көмек көрсету мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты және ортақ күш-жігермен жүзеге асырылатын болашаққа арналған міндеттерді белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру