Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны есірткі сатқаны үшін 11 жылға сотталды

Жамбыл облысының тұрғыны есірткі сатқаны үшін 11 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қандыағаш станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол Тараз қаласының аумағында аса ірі мөлшерде кептірілген марихуанна есірткі затын заңсыз сатқан. 

Аталған факті бойынша көлік полицейлері ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. 

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен құқық бұзушы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланды.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 292 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның 27-сі өткізу, 25-і аса ірі мөлшерде сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 168 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру